Марапат мінберінен көрінді
«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» демекші, оқу-білімге құштар жан қашан да жетістікке жетері сөзсіз. Еңбек пен талап, білім мен білік бірге ұштасып, дүбірлі додада топ жарып жатқан шәкірттеріміз аз емес. «Бағбанына қарай бақшасы» демекші, оқушының озат атанып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шығуына жетекшісінің де сіңірген еңбегі орасан. Осы орайда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дина Маманова жетекшілік еткен оқушылардың жеңісімен бөліскіміз келеді.
Дебат – жастарды тоғыстырған алаң
27-28 қаңтарда оқушылар республикалық @owympia Intellectual Challenge ағылшын тіліндегі білім және дебат сайысында қатысты. Барлық оқушылар жүлделі орындарға болды. Таңдаған бағыттары Ғылым мен Техника.
Мукашев Исламбек - 1 орын
Набиали Батыр - 1 орын
Досбол Әділхан - 1 орын
Алтынбек Армина - 2 орын
Ұстазым және мен
Ұстаз – ұлы тұлға. Бұл қай заманда болмасын осылай қалатын сөз. Себебі олардың ұлылығы еңбегі мен шәкірттеріне берген білім нәрімен өлшенеді. Талмай талаптанып, оқушыларға бар білгенін үйрету оңай іс емес. Десек те, өзгенің уақытын аялап, өз уақытын аямай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы қашан да оқушылардың жүрегіне жол табуға тырысады. Осы мақсатта қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығында «Ұстазым және мен» тақырыбында сайыс өтті. Ұстаз бен оқушының арасындағы қарым-қатынасын нығайтып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыс істеуді мақсат еткен сайыста барлық сынып белсене қатысып, бақ сынады. Нәтижесінде 10 Б сыныбы І орын, 7 Б сыныбы ІІ орын, 8 А сыныбы ІІІ орынды қанжығасына байлады. Ал ІҮ орын 9 Б сыныбына бұйырса, 7 А сыныбы Ү орынды қанағат тұтты.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтау – ұлағатты іс
Ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлттың құндылығын айқындайды. Қазақ халқы бұдан кемде емес. Ерте кезден бастап даналығымен, даралығымен, ақылдылығымен, көрегендігімен ерекшеленіп келеді. Рухы биік, әлем мәдениетімен бәсекеге түсе алады. Сол себепті ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа насихаттау кейінге қалдыруға болмайтын мәселе. Осы мақсат қазақ тілі мен әдебиеті апталығында жүзеге асты. Қазақ тілі мамандары оқушыларға мақал-мәтелді дәріптеу мақсатында және оны ылғи жаттап, тұрмыстық өмірде қолдануға ынталандыру үшін мақал айтқан әр оқушыға ыстық бауырсақ таратты. Келесі күні қолөнер шебері, этнодизайншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәркембай Шоқпарұлының қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Ал үзіліс уақытында оқушылар ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты. Арқан тартыс, асық ату, қол күрес сынды білек пен білімді шыңдайтын жары
Ана тілің - арың бұл
22 қаңтар күні лицейімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылу салтанаты болды. Тіл апталығына орай қызметкерлер ұлттық нақышта киім киіп, ұлттық құндылықтарды насихаттауды қолға алды. Оқушылар «Мен қазақпын» әнін шырқап, ұлттық тағамдармен танысты. Сонымен қатар, ұлттық тағамдар көрініс тапқан жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге оқушылар мен лицей қызметкерлері де белсене қатысты. Ұлттық тағамдардың таныстырылымынан кейін 9-10 сынып оқушыларының арасында дебат өтті.
Олимпиададан олжалы оралды
Жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Озаттар арасынан оқ бойы оза шауып, облыстық додада үздік деп танылғандар марапат мінберінен көрінді. Бұл марапат иелерінің қатарында біздің лицейдің оқушылары да бар.
Олимпиада – білімнің биік шыңы. Әр мектептің білімді, дарынды балалар қатысып отырғандықтан бұл білім сайысы осал болмайтыны белгілі. Алайда білім мен білік сынға түскен сәтте лицей оқушылары намысты қолдан бермей, лицей қоржынын 13 алтын, 8 күміс және 8 қола медальдарымен толықтырды. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан шәкірттеріміз өздерінің білім арқылы талай белесті бағындыратынын тағы бір дәлелдеді.
Lorem ipsum dolor
- БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ: САПАЛЫ БІЛІМ,САНАЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУ!
- Etiam lacinia feugiat libero, quis sodales metus porta quis. Proin maximus feugiat ipsum id rhoncus. Donec quis dolor eu est sagittis cursus sed eu ex. Suspendisse bibendum dignissim justo. Aliquam vestibulum magna at iaculis eleifend. Sed mattis ligula et sem egestas rutrum. Vestibulum
- Placerat ipsum
Etiam lacinia feugiat libero, quis sodales metus porta quis. Proin maximus feugiat ipsum id rhoncus. Donec quis dolor eu est sagittis cursus sed eu ex. Suspendisse bibendum dignissim justo. Aliquam vestibulum magna at iaculis eleifend. Sed mattis ligula et sem egestas rutrum. Vestibulum
- Aliquam congue fermentu

- Morbi volutpat enim

Login
ҚОҢЫРАУ УАҚЫТТАРЫ
Mon 28/4/2025Calendar
no data to display yetPhotogallery
no data to display yetMap