• ІЗГІ ЛЕБІЗ

          • Құрметті әріптестер, қадірлі ұстаздар! Сіздерді Қазақстан 
            Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің атынан «Білім-Инновация» мектептерінің 30 жылдық мерейтойымен шын 
            жүректен құттықтаймын! Ел тәуелсіздігі тарихымен бірге 
            жасасып, білім бәсекелерінде бәйге алатын шәкірттер 
            шоғырын тәрбиелеп отырған лицей-интернаттардың осы 
            жылдары жеткен жетістіктері өте көп.
            Жас буынды қазіргі заманға сай, білімді тұлға ретінде 
            қалыптастыру – мемлекетіміздің басым бағыттарының 
            бірі. Осы ұстанымды орындау үшін «Білім-Инновация» 
            мектептері үштілді білім беруге, отансүйгіш ұрпақ тәр-биелеуге, оқушылардың көшбасшылық қабілетін ашуға 
            айрықша көңіл бөліп келеді. Еліміздің ертеңін ойлай-тын, Отан беріктігін қорғайтын білімді ұрпақ тәрбиелеу 
            жолында аянбай еңбек етіп жүрсіздер.
            Мектеп-лицейлерден түлеп ұшқан дарынды да талант-ты, білімді жастарымыз еліміздің және әлемнің ең үздік 
            жоғары оқу орындарын аяқтап, қазіргі күні туған жерінде 
            адал қызмет етуде. Мұның барлығы сіздердей ұлағат-ты ұстаздардан алған терең білімнің, биік парасатты-лықтың, талмас еңбекқорлықтың нәтижесі деп білемін.
            Болашақ ел азаматтарын қалыптастырып отырған өл-шеусіз еңбектеріңізді жоғары бағалаймын және зор ал-ғысымды білдіремін. Шәкірт тәрбиелеудегі абыройлы іс-теріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық, алға қойған 
            бастамаларыңыз бен игілікті істеріңізге сәттілік тілеймін!