• Марапат мінберінен көрінді

          • «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» демекші, оқу-білімге құштар жан қашан да жетістікке жетері сөзсіз. Еңбек пен талап, білім мен білік бірге ұштасып, дүбірлі додада топ жарып жатқан шәкірттеріміз аз емес. «Бағбанына қарай бақшасы» демекші, оқушының озат атанып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шығуына жетекшісінің де сіңірген еңбегі орасан. Осы орайда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дина Маманова жетекшілік еткен оқушылардың жеңісімен бөліскіміз келеді.

            Респбуликалық ғылыми-танымдық Білім Айнасы газетінің ұйымдастыруымен өткізілген қазақ халқының лирик, ақиық, мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Мұқағали оқулары» конкурсында Дамир Абдраман бас жүлде, ГРАН-ПРИ-ді, Ерғалиұлы Қанағат І дәрежелі дипломды қанжығасына байлады. Сондай-ақ, Д.Абдраман «Мың бала» зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Мағжан оқулары» байқауында да топ жарып, І орынды иеленіп, марапат мінберінен көрінді.