Ағымдағы жылдың қазан айында музыка арқылы әлем халықтарының бауырластығына үлес қосу, мектеп пен оқушылар, ұстаздар арасындағы достық көпірін салу мақсатында «Әуезді әуен» ән жарысының іріктеу кезеңі өтті. Аталған ән байқауына лицейімізден 12 оқушы қатысып, 6 оқушы онлайн видео жіберу сайысына өтті. Жіберілген видеодан іріктеліп, 7 сынып оқушысы Тимур Дүйсенбай финалға жолдама алды. Қорытынды кезең желтоқсан айының 5-6 жұлдызы күні, SDU университетінде өтті.
